«Nur Otan»: Сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылуы талқыланды

18.11.2020

«Nur Otan» партиясының Мәжілістегі депутаттары сайлауалды міндеттемелерін толығымен орындады. Бұл туралы фракция отырысында Премьер-Министр айтты. Асқар Маминның сөзінше, 4 жыл ішінде 559 мың жұмыс орны құрылып, 3 мыңнан астам балабақша салынған. Ауыл шаруашылығы инфрақұрылымының 400-ден астам жаңа нысаны іске қосылды.

Ал, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтуынша, депутаттар қажетті заңнамалық базаны қалыптастырып, 55 заң жобасын әзірлеген. Айта кетейік, «Nur Otan» фракциясы депутаттарының сайлау алдындағы міндеттемелерін қаржылық қамтамасыз ету үшін бюджеттен 138 миллиард теңге бөлінді.  

Фариза Мұсақызы 


Nur Otan партия Сайлауалды бағдарлама

Хабарламаларға жазылу