«Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды

18.04.2019

Ауылдық жерлерде дәрігерлер, мұғалімдер, агротеникалық мамандар мен фермерлер тапшы. Осы мамандық иелерінің санын көбейту - басты міндеттердің бірі. Елордада «Nur Otan» партиясының «Жастарды қолдау» бағытының комиссия отырысы өтті. Депутаттар, атқарушы орган өкілдері, белсенді жастар қатысқан жиында осы мәселелер талқыланды.

Кездесуде кадр әлеуетін күшейту, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жетілдіру сөз болды. Сондай-ақ, алдағы уақытта «Ауыл - ел бесігі» атты арнайы жоба іске асырылмақ. Жоба аясында ауыл жастарының жан-жақты дамуына жағдай жасалмақ.

Айта кетейік, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы негізінде 2009 жылдан бері 54 мың маман жұмысқа тартылды.

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылаймыз.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ  

Хабарламаларға жазылу