Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Арқалыққа барды

14.10.2020

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Арқалық қаласының тұрғындарымен кездесіп, шағын шаһардағы шешілмеген мәселелермен танысты. Партия төрағасының бірінші орынбасары халықты жұмыспен қамту, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуді дер кезінде қамтамасыз етуді тапсырды. 

Ал Қостанай қаласында Бауыржан Байбек қоғамдық бірлестік өкілдерімен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның басым бағыттары талқыланды. Сондай-ақ ол қаладағы 200 орындық модульді инфекциялық аурухананың құрылысымен танысты. Орталық осы айдың аяғында қолданысқа берілмек. 

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары: 
Мемлекет басшысының тапсырмалары мен мемлекеттік бағдарламалардың ойдағыдай орындалуын қамтамасыз ету - «Nur Otan» партиясының басты міндеті. Халықтың өтініш-тілегіне құлақ асу, олары толғандырған өзекті мәселелерді тиімді шешу, тұрғындармен жұмыс жүргізудің - негізгі қағидатын жолға қойған жөн. 

Дәуренбек Әбдібек

Nur Otan Бауыржан Байбек Қостанай Арқалық

Хабарламаларға жазылу