Мәжіліс қос азаматтығы бар мемқызметшілерді жұмыстан босату туралы заң жобасын мақұлдады
Мәжілісте қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілер мен квазисектор басшыларын жұмыстан шығару туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжатты Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова оқыды.
«Жалпыұлттық жоспардың 122-ші тармағы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысына жол берген адамдарға қатысты квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салуды енгізу және қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерді немесе квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларын жұмыстан шығару қарастырылған. Мемлекет басшысы өз Жолдауында квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қатаң шараларды қабылдау қажеттігін айтты. Осыған байланысты Еңбек кодексіне және Мемлекеттік қызмет туралы келесі түзетулерді енгізу ұсынылады: біріншіден, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдардың жұмыс істеуіне өмір бойына тыйым салуды бекіту керек. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің және квазимемлекеттік мекеме басшыларында қос азаматтық анықталған жағдайда оларды жұмыстан босату керек», - деді Анар Жайылғанова.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскеменде «Жас мерген» облыстық турнирі өтті
19.10.2026, 17:27
Қазақы тазылардың аңшылық қасиеттері сыналды
19.10.2026, 17:25
Creative Aimaq көрмесінде 80-нен астам туындыны таныстырды
19.10.2026, 17:24
Республика күніне орай сауда орындарында жеңілдік басталды
19.10.2026, 17:22
7 жыл ішінде отбасын қолдайтын 160 орталық ашылған
19.10.2026, 17:20
Ресей Болон процесінен бас тартты
19.10.2026, 17:17
Рубио Орталық Азия елдерің сыртқы істер министрлерімен кездесті
19.10.2026, 17:16
Трамп санкцияны жеңілдеткеннен кейін мұнай 2% арзандады
19.10.2026, 17:15