South China Morning Post газеті 2019 жылдың 17 қарашасында алғашқы COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелгенін мәлімдеген еді. Вирусты Хубэй провинциясының 55 жастағы тұрғыны жұқтырған. Содан бастап Ухань қаласында күніне 1-5 науқастан тіркелген. Осылайша желтоқсанның 20-ында дертке шалдыққандар саны 60-қа жеткен.
11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. 13 наурызда Қазақстанда коронавирус жұқтырудың бірінші дерегі тіркелді.
Бүгінде әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 55 миллионнан асты. 35,3 млн науқас емделіп шықты. 1,33 млн адам індеттен көз жұмды.
Қазақстанда бүгінге дейін 121653 адам коронавирус жұқтырған. Жазылып шыққандар саны - 110382, қайтыс болғандар - 1952. COVID-19 белгілері бар пневмония бойынша жалпы 40220 жағдай тіркелді, 421 науқас қайтыс болды. 29634 адам емделіп шықты.