Қазақстан түрік инвесторларымен келісімге қол қойылды
Қазақстанға инвестиция салуға ниет білдірген түрік кәсіпкерлерімен 160 млн доллардың келісіміне қол қойылды. Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түркиядағы елшілігі ұйымдастырған кездесуде екі ел арасындағы ірі 30 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жолдары талқыланды. 2020 жылдың алғашқы сегіз айындағы мәліметтерге сай, пандемия кезеңіне қарамастан Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2 млрд доллардан асқан. Жиынға Қазақстаннан бейне байланыс арқылы мамандар қосылып, инвесторларға еліміздегі бизнес мүмкіндіктерді таныстырды. Басқосу соңында Сыртқы істер вице-министрі Алмас Айдаров бірқатар түрік инвесторларымен екіжақты кездесу өткізіп, жаңа жобаларды талқылады.
Алмас Айдаров, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
-5 құжатқа қол қойылды. Жалпы сомасы 160 млн доллар.
Енвер Өзтүрік, түркиялық инвестор:
-Қазақстанның Түркістан облысына салатын инвестициямыздың жалпы сомасы 52 млн доллар. Келесі жылдан бастап өндіріске кірісуді жоспарлап отырмыз. Органикалық, таза көкөніс өсіріп, өңдейміз. Инвестициялық жоба толық іске қосылғанда 800 адам жұмыспен қамтылмақ. өнімдеріміздің негізгі бөлігін Ресейге импортаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ЖИ және инновация мектебі ашылады
21.01.2026, 13:27
21 қаңтар – Инженерлік әскер күні
21.01.2026, 13:24
Көкшетаудағы колледжде шағын цехтар ашылды
21.01.2026, 13:21
Түркістан облысында 9 ұры ұсталды
21.01.2026, 13:18
Әзербайжан мен Армения арасында ынтымақ нығайды
21.01.2026, 13:15
Президент Давос қаласына жұмыс бабымен барады
21.01.2026, 13:12
Елімізде білім, ғылым және жоғары технология саласына қомақты инвестиция салынады
21.01.2026, 13:09
Балаларды әлеуметтік желіден шектеуі мүмкін
21.01.2026, 13:06