Измирдегі жер сілкінісінен қазақ студенттері зардап шекпеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Измирдегі жер сілкінісінен қазақ студенттері зардап шекпеген

08.11.2020

Түркияның Измир қаласында магнитудасы 6,6 болған жер сілкінісінен 114 адам қаза тапты. Измирде оқитын 200-ге тарта қазақ студенттері бұл апаттан зардап шеккен жоқ. Студенттер қалашығы орналасқан ауданда жер дүмпуі айтарлықтай болмаған. Дегенмен апаттың алғашқы күндері Қазақстан елшілігі, консулдық қызметі мен университет басшылығы шәкірттерге қауіпсіз жерден жатын орын мен ыстық тамақ әзірлеп, барынша қолдау көрсетіпті. Магистратурада білімін шыңдап жатқан Айжан Молдамұрат алғашқы күні қатты қорыққанымен, жан-жақты қолдау мен көмектің арқасында сабағын әрі қарай алаңсыз жалғастырып жатқанын айтты. 

Ал жер сілкінісінен бас-аяғы екі мыңға жуық ғимарат бүлініп, қираған. Олардың 17-сі зілзала кезінде құласа, 309-ы тұруға жарамсыз. Қалғандарын жөндеуге болатын көрінеді. Айта кететіні, ғимараттардың сіріңке қорабы сияқты шашылып қалуына орай, олардың құрылысына қатысты жеті адамды сот тұтқындады, деп хабарлады Anadolu агенттігі.


Измир жер сілкінісі Anadolu

Хабарламаларға жазылу