Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 2 есе өскен. Қыркүйек-қазан айларында тіркелген науқастар 165-тен 360 адамға дейін жетті. Эпидемиологиялық тексеру жүргізгенде індетті көбіне ұжымда, көпшілік орындар, қоғамдық көлік пен көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінде жұқтырғаны белгілі болды.
Жазира Оразқызы, тілші:Алып шаһардағы эпидахуал күрделене түсті. Соңғы күндері КВИ жұқтыру дерегі 40-60 жастағылар арасында 31 пайыз,ал 15 пен 40 жасқа дейінгілерде 42 пайызды көрсетіп отыр. Бұған себеп - бетперде тәртібін сақтамау, қоғамдық көлікте жолаушылардың көптігі, офис қызметкерлері арасында да ковид жұқтыру көбейді. Ал жастардың түрлі жиын-той, ойын-сауық кештеріне қатысып, жанұя мүшелеріне жұқтыруы да жиілеген. Сондықтан санитарлық-эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы жаңа қаулы шықты. Оған сәйкес көпқабатты үйлерде аптасына 1 рет жүргізілетін дезинфекциялау енді 3 рет жасалады. Тұрғын үй кешендерінің баспалдақтарын, тұтқаларды, қабырғалар, балалар ойын алаңдарын түгел дезинфекцияланады. Сондай-ақ қоғамдық көліктің тазалығы да жіті назарда болады. Автопарк иелеріне автобустардың ішін соңғы аялдамада міндетті түрде дезинфекциялап, жуу міндеттелді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«ПСЖ» - «Арсенал» матчы «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі
30.05.2026, 20:19
«Ақтөбе-тарының астанасы!» атты гастрономиялық фестиваль өтті
30.05.2026, 20:17
«Достық үйінің» іргетасы қаланды
30.05.2026, 20:16
Ұлттық музейдің желдету және ауа баптау жүйесі жаңартылды
30.05.2026, 20:15
«Заң керуені» жобасы ауылдарда жалғасын тапты
30.05.2026, 20:13
Реновация мен урбанистика саласындағы өңірдің тәжірибесі таныстырылды
30.05.2026, 20:12
9 жасар бала інілерін өрттен құтқарып қалды
30.05.2026, 20:10
Жүк көлігі велосипед мінген адамды қағып кетті
30.05.2026, 20:10