Қостанайда Ыбырай Алтынсаринге ескерткіш қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда Ыбырай Алтынсаринге ескерткіш қойылды

02.11.2020

Қостанайда ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринге ескерткіш қойылды. Бұған дейін облыс орталығында оның тек тастан қашалған бюсті ғана болған. Ал жаңа ескерткіште шәкіртімен бірге ағартушының бейнесі тұтас сомдалған. Қоладан құйылған мүсіннің биіктігі екі жарым метрден асады. Тұғыры граниттен қаланған. Ұлы ағартушының 180 жылдығына орай демеушілер қаржысына тұрғызылған ескерткіш - Алтынсарин және Толстой көшелерінің қиылысында тұр.   


Дәуренбек Әбдібек 


Қостанай Ыбырай Алтынсарин ескерткіш

Хабарламаларға жазылу