Қостанайда Ыбырай Алтынсариннің туған күніне орай «Даланың таза бұлағы» жинағының тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда Ыбырай Алтынсариннің туған күніне орай «Даланың таза бұлағы» жинағының тұсауы кесілді

02.11.2022

Қостанайда ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туған күніне орай «Даланың таза бұлағы» жинағының тұсауы кесілді. Кітап көпжылдық мұрағаттық, мұражайлық және экспедициялық зерттеу материалдарына негізделіп жазылды.

Жинаққа көптеген құнды эксклюзивті фотосуреттер мен бейнежазбалардың сілтемесі де енгізілген. Кітапты парақтап отырып QR-код көмегімен деректі фильмдер көріп, аудио иллюстрациялар тыңдауға болады.

Жинақ екі тілде 5 мың данамен жарық көрді. 1 қараша күні ұлы ағартушының туғанына 181 жыл толды.

Салтанат Өтелбаева, Ы.Алтынсарин музейі директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары :

Осы кітапты жазу барысында үлкен ғалымдармен кеңесе отырып, үлкен ғылыми кеңестер жасадық, Ыбырай Алтынсарин музейінде. Соның нәтижесінде Балқожа бидің суретін таптық. Осы суретті осы кітапқа енгізіп отырмыз. Сондай-ақ Балқожа бидің баласына айтқан ақылы, ол бұрыңғы «Үміт еткен көзімнің нұры балам» деген өлеңі бар еді ғой, енді, бұл жерде ерекше басқа бір үлкен, көлемді шығармасы беріліп отыр.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу