Қостанайда әскери медбикеге ескерткіш қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда әскери медбикеге ескерткіш қойылды

08.05.2019

Қасында санитарлық сөмке артқан иті бар бойжеткеннің мүсіні пластиктен құйылған. Биіктігі - 2 метр. Соғыс жылдарында Қазақстаннан майданға 500 мыңға жуық медбике аттаныпты.

1941 жылы Қостанайда медбикелер дайындайтын оқу орны ашылған. 1942 жылы осы жерде білім алған 140 бойжеткен әскери борышын өтеуге жіберіліпті. Медбекенің ескерткішін орнатуға бастамашы болған - жергілікті зейнеткер. Ақсақал қажетті қаржыны өзі бас болып, туған-туыстарынан жинағанын айтады.

Бек Жүсіпов, еңбек ардагері:

- Олар қаншама солдатты ажалдан құтқарды. Қазіргі бейбіт заманда да қаншама адамға көмек көрсетіп жатыр. Еңбектері орасан. Мұндай ескерткіш Қазақстанда бірінші болып Қостанайда ашылып отыр.

 Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу