Қарағандыдағы үш санитарлық бекетте бақылау күшейеді
Қарағанды облысының шекаралық аумақтарындағы 3 санитарлық бекетінде бақылау күшейтіледі. Жаңа тәртіп 4 қарашадан бастап енгізіледі.
Руслан Нұрланұлы, тілші:Ел бойынша қауіпті індетке шалдыққандардың көбеюіне байланысты өңірдің өзге облыстармен шектесетін 8 аумағына қойылған бекеттердің 3-де бақылау күшейтіледі. Олар Қызылорда, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарымен арадағы автожолдарда орналасқан. Бұрын бұл санитарлық бекеттерде жолаушылардың тек дене қызулары өлшеніп, сауалнама жүргізілетін. Енді жолаушылар арнайы сайтқа тіркелуі керек.
Расул Қасенхан, Жедел әрекет ету орталығының өкілі:Ол бекеттен өту үшін propusk.kz сайтына алдын ала тіркелу керек. Ол тіркелген сәтте әр азамат өзінің өту мақсатын түсіндіру керек болады. Яғни, жұмыс барысын ғана. Ал той, демалыс , кездесу болатын болса, ол жаққа өткізілмейді.
Руслан Нұрланұлы, тілші:Санитарлық бекеттерде полицейлер, медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Арнайы қызметтерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдары өкілдеріне, жүк көліктеріне, транзиттік көліктерге өтуге рұқсат етілген.
Сондай-ақ, мекенжайы облыс аумағында тіркелген адамдарға, шұғыл ем қажет тұрғындарға жеңілдік қарастырылған. Ал вахталық жұмысшылар мен тұрғылықты жерінен жұмыс орнына күнделікті қатынайтын азаматтар өз деректерін сайтта қалдыруы тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қарқынды дамып келеді
10.04.2026, 21:19
Былтыр еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан
10.04.2026, 20:44
Аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10.04.2026, 20:43
Ақкөлде қалалық стадион аумағы қоқыстан тазартылды
10.04.2026, 20:42
TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті
10.04.2026, 20:41
Семейде «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу өтті
10.04.2026, 20:39
Ұлттың үнбайрағы «Shalqar» радиосына – 60 жыл
10.04.2026, 20:37
ШҚО-да ардагерлер ұйымы есеп беру конференциясын өткізді
10.04.2026, 20:35