2020 жылдың екінші тоқсанында өнер, ойын-сауық және демалыс саласында жұмыс істейтін қызметкерлер саны 140,4 мың адамды құрады, бұл былтырғыдан 6,9%-ға кем, деп хабарлайды Ranking.kz порталы.
Осы бағытта жұмыс істейтін осы 140 мыңнан астам адамның 85,5 мыңы әйел азаматтар, 54,8 мыңы ерлер. Cондай-ақ бұл сала бойынша 35,4 мың жас адам жұмыспен қамтылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,9%-ға аз.
Осы жылдың ІІ тоқсанында саладағы қызметкерлердің жалақысы 144,8 мың теңгені құрады, яғни, өткен жылғыдан 3,5%-ға аз. Қымбатшылықты ескерсек, бұл жалақы олардың сатып алу қабілетін бірден 9,6% төмендеткен. Сала бойынша ең көп айлық алатындар - шымкенттіктер: 349,6 мың теңге. Нұр-Сұлтан қаласында олар 183,4 мың теңге жалақы алады, Қостанай облысындағы өнер қызметкерлері 174,8 мың теңге жалақымен ТОП-3 аймаққа кіреді.
Жалпы, жұмыспен қамтылғандардың ең көбі Алматыда шоғырланған: 16,4 мың адам. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4%-ға көп. Көш басында тұрған аймақтар арасына Алматы (14,6 мың адам, жылына минус 21,8%) және Түркістан (14,3 мың адам, минус 10,8%) облыстары да кірді.