Елбасы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі Кеңестің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. Тараптар экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Үкімет басшысы Асқар Маминнің жуырдағы сапары кезінде құны 6 миллиард АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру туралы қол жеткізілген уағдаластықтарды ерекше атап өтті.
Асима Нұрбайқызы