Жыл соңына дейін 300 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады
«Еңбек» және Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 900 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Дағдарысқа қарсы ауқымды бағдарламалардың қалай іске асып жатқаны Үкімет отырысында талқыланды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жыл соңына дейін тағы 300 мыңдай адамның жұмыс табуына көмектеспек.
Біржан Нұрымбетов жол картасын іске асыру жұмыссыздық деңгейін 5 пайыз шамасында ұстап тұруға мүмкіндік бергенін айтады. Бағдарламаның әлеуметтік және экономикалық тиімділігін атап өткен Премьер-Министр келесі жылға да жол картасын әзірлеуді тапсырды.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:Жұмыспен қамтудың жол картасы қазақстандықтардың көбіне жұмысы мен табысын сақтауға септігін тигізді. Әлеуметтік экономикалық тиімділігін көрсетті. Әкімдіктер жол картасының жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмысты жандандырсын.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қарқынды дамып келеді
10.04.2026, 21:19
Былтыр еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан
10.04.2026, 20:44
Аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10.04.2026, 20:43
Ақкөлде қалалық стадион аумағы қоқыстан тазартылды
10.04.2026, 20:42
TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті
10.04.2026, 20:41
Семейде «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу өтті
10.04.2026, 20:39
Ұлттың үнбайрағы «Shalqar» радиосына – 60 жыл
10.04.2026, 20:37
ШҚО-да ардагерлер ұйымы есеп беру конференциясын өткізді
10.04.2026, 20:35