Биліктің командамен ауысуын тоқтату керек – Коммунистік партия - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биліктің командамен ауысуын тоқтату керек – Коммунистік партия

27.10.2020

Қазақстан комунистік халық партиясы ұйымдастырған «Жемқорлықпен күрес» тақырыбындағы жиында 4 мәселе көтерілді. 

Елімізде жыл басынан бері 993 парақорлық фактісі тіркелген. Оның жартысынан астамы пара алу деректері. Жемқорлық былтырғымен салыстырғанда 11 пайызға өскен. Партия өкілдері пара алушыны ғана емес, берушіні де жазалау керек дейді. Биліктің командамен ауысуын тоқтату, туыстарын қызметке алуды тоқтату мен жемқорларға қатысты заңды күшейту мәселесін көтерді. 

Нұрдәулет Оразханов, ҚКХП елордалық комитетінің бірінші хатшысы:
Парақорлықпен күресті одан ары қарай жандандыру керек. Белгілі бір ұсыныстарды қалыптастырып, ол ұсыныстарды ары қарай өзіміздің фракция жолдау мақсатында осы дөңгелек үстелді бүгін өткізіп отырмыз.

Ақниет Балтанова

жемқорлық ҚКХП заң Жемқорлықпен күрес

Хабарламаларға жазылу