Ерлан Қарин: Парламент қабылдаған саяси реформалар пакеті Қазақстанның жаңа демократиялық саяси модельге көшуін білдіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин: Парламент қабылдаған саяси реформалар пакеті Қазақстанның жаңа демократиялық саяси модельге көшуін білдіреді

16.09.2022

Бүгін Парламент қабылдаған саяси реформалар пакеті Қазақстанның жаңа демократиялық саяси модельге көшуін білдіреді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграмм каналында осылай жазды.

Оның сөзінше, енді Президент қайта сайлану құқығынсыз бір мерзімге сайланады және бұл ереже өзгеріссіз қалады, қайта қаралмайды. Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі президенттік және парламенттік судьяларға қарағанда ұзағырақ болады. Осының бірігіп билік тармақтары арасындағы оңтайлы тепе-теңдікпен мемлекеттік құрылымның жаңа институционалдық дизайнын құрайды. Жаңа мемлекеттік үлгі биліктің жүйелі түрде ауысуын, саяси жүйенің болжамдылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Жаңа реформалар пакеті саяси жүйенің трансформациялану процесін түйіндейді. Енді біз барлық негізгі саяси институттарды (Президент, Парламент, мәслихаттар, Үкімет) қайта іске қосуымыз керек. Ал бірінші кезең – Жолдауда жарияланған Президент сайлауы болмақ.


Хабарламаларға жазылу