Мүгедек балаларға мемлекет беретін көмекті көбейту керек - Коммунистік партия
Елімізде 80 мыңнан аса мүгедек бала бар. «Оларға мемлекет тарапынан жасалатын қамқорлықты күшейту керек», - дейді Қазақстан коммунистік халықтық партиясының өкілдері. Әсіресе, карантин кезінде жүріп-тұруы қиын жеткіншектері бар отбасылардың тұрмысы күрделене түсті. Сыртқа шығып, дәрі-дәрмек, медициналық құралдар, гигиеналық зат сатып алудың өзі қиындады. Ал әлеуметтік қолдау мекемелеріне барып, көмекші сұрау, қамқорлыққа алуға өтінішті қарау мерзімі бұрынғыдан да ұзарды. Бұл уақытта мұқтаж жандар жәрдемақы алмайды. Оның үстіне мүгедек баланы бағып отырған ата-ана еш жерде жұмыс істей алмайды. «Сондықтан мұндай отбасыларға қамқорлық жасау рәсімін жеңілдету қажет» деген бастаманы жиынға қатысушылар да қолдады.
Төлеген Қоқымбаев, ауған соғысы ардагері:Үкіметтен берілген жәрдемақы оның өзі қазір толық жетпей жатыр. Индексация уақытында өтпейді. Бағалар өсіп жатыр, өздерініз білесіздер. Ол балалар - біздің болашағымыз.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10