Коммунистік партия алимент төлемеген әкелерге жазаны күшейтуді ұсынды
Қазақстан халықтық коммунистік партиясының өкілдері Талдықорғанда көпбалалы аналармен кездесті. Жалғызбасты аналар партия мүшелеріне алимент өндірудегі қиындықтарын тізіп берді. Сот орындаушылардың өңірлік палатасының мәліметінше, облыста 21 мыңнан аса іс қаралуда. Ер азаматтар табысын жасырып, қарызын төлемей, заңды айналып өтуге тырысады. Бұл орайда коммунистік партия Қазақстан заңнамаларына өзгерістер енгізіп, талаптарды күшейтуді ұсынып отыр. Жыл басынан бері Алматы облысында алимент төлемеген 170-ке жуық азамат әкімшілік жазаға тартылып, қамауға алынды. 68 тұлғаға қылмыстық іс қозғалған.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізін дамытудың маңыздылығын атап өтті
09.10.2026, 10:36
ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады
09.10.2026, 10:18
Сантьяго көшелерін лай басты
09.10.2026, 10:06
БҚО-да 600 балаға 250 млн теңге алимент өндірілді
09.10.2026, 10:06
Тұрғын үйден стартап жобаға дейін: «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауы өтті
09.10.2026, 10:05
Енді талдау нәтижесін емханаға бармай алуға болады
09.10.2026, 10:04
Брюссельде Берлин Еуразиялық клубының 47-отырысы өтті
09.10.2026, 10:02
Куала-Лумпурде ауа сапасы нашарлады
09.10.2026, 09:58