Әлжуаз топтарға берілетін әлеуметтік көмекті арттыру керек – Коммунистік партия
Әлеуметтің әлжуаз топтарына мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті арттыра түсу керек. Қазақстан коммунистік халық партиясы мүшелерінің пікірінше, осы бағытта жұмысты күшейту қажет.
Партияның Ақмола облыстық филиалында мемлекеттік қолдауға мұқтаж жандардың мәселесі талқыланды. Жиналғандардың айтуынша, қазір індет салдарынан табысынан айырылғандар қатары артты. Сондықтан бұл мәселені қайта қарау керек дейді коммунистер.
Биыл түрлі волонтерлық ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мұқтаж жандарға азық-түлік алып беріп жәрдемдесті. Демек, бұл мемлекеттік қолдаудың әлі де болса жеткіліксіз екенін көрсетті.
Олжас Сыздықов Қазақстан коммунистік халық партиясы ақмола облысының бірінші хатшысы:Баспана - ең бірінші мәселе. Бүгінгі таңда әлеуметтің әлжуаз топтарына пәтер алу өте қиын, тіпті мүмкін емес. Олар азық-түлікті әрең тауып отыр. Ал баспанаға қаржыны қайдан жинайды. Жетім балалардың да жағдайы осындай. Сондықтан бірінші кезекте пәтер алу қолжетімді болу қажет.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Димаш Құдайберген продюсерлік еткен шоу Қытайда қаралымы жағынан абсолютті рекорд орнатты
09.02.2026, 21:01
«Пейіш- 2» фильмі көрерменге жол тартты
09.02.2026, 20:59
Қысқы Олимпиадада бүгін қандай жарыс түрлері өтті?
09.02.2026, 20:39
М.Мақатаев: Мен – XXI ғасыр ұрпақтарының құрдасымын
09.02.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Eco Quiz» ойыны өтті
09.02.2026, 20:21
Үкіметте Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды
09.02.2026, 20:20
Қонаев қаласында қатты жел соғып, ғимараттардың шатыры ұшты
09.02.2026, 20:20
Індет анықталған елді мекендерде карантин жарияланды
09.02.2026, 20:19