Оқушылар саны 300 баладан аспайтын мектептер дәстүрлі форматқа ауысады

26.10.2020

Екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300-ге дейінгі мектептер дәстүрлі оқу форматына көшеді. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-ден 5 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілді. Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды.

Маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау міндетті. Театрлар мен мешіттердің жұмысына 2-қарашадан бастап рұқсат. Бірақ залдың толуы 30 пайыздан аспауы шарт. Отырыста коронавирустың екінші толқынына дайындықты қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндалды. Үкімет басшысы шектеу шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жұмыстарының тиімділігі төмен екенін айтып, жұмысты ширатуды тапсырды.

Дарын Сағитов   


Екінші тоқсан мектеп дәстүрлі оқу форматы

Хабарламаларға жазылу