Алматыда театрлардың жұмысына рұқсат етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда театрлардың жұмысына рұқсат етілді

10.11.2020

Алматының оқушылары екінші тоқсанды мектепте оқиды. Қаланың бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес сыйымдылығы 300 баладан аспайтын мектептер оқытудың дәстүрлі форматына көшеді. Сыныптағы балалар саны 15-тен аспауы керек.

Сондай-ақ,театрлардың жұмысына рұқсат етілді. Алайда, көрермен орын санының 50 пайызынан аспауы керек. Діни нысандарда жұма намазын қоспағанда құлшылық етуге, намаз оқуға болады. Бірақ олардың саны мешіт ішінің 30 пайызына толуы тиіс. Ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері кешкі сағат 10-ға дейін, азық-түлік емес және жабық базарлар жұмысына беске дейін рұқсат етілді. Айта кетейік, соңғы тәулікте Алматыда коронавирус пен пневмонияның 24 жағдайы тіркелген.   

Қуан Нұрақын 


Алматы театр

Хабарламаларға жазылу