Ақтөбе облысында I курс студенттері дәстүрлі оқуды жалғастырады

13.01.2021

Ақтөбе облысында колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттеріне екінші семестрден бастап штаттық режимде оқуға рұқсат берілді. Үшінші тоқсаннан бастап контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептерде бала саны 15-тен аспайтын сыныптар дәстүрлі форматпен оқи береді.  

Сондай-ақ, ата-аналардың өтінішімен 15 баладан асырмай, жалпы білім беретін мектептерде бірінші, бесінші, ал халықаралық мектептерде 7-інші сыныпқа дейін кезекші кластар оқиды. Ал, жоғарғы сыныптар пәндердің 70 пайызын штаттық режимде, қалғанын онлайн түрде өткізеді.

Жақсыбек Кемал 


Хабарламаларға жазылу