Басты Жаңалықтар Ең жоғарғы зейнетақы 506 мың теңге: БЖЗҚ өз салымшыларына 138 млрд теңге төледі

Ең жоғарғы зейнетақы 506 мың теңге: БЖЗҚ өз салымшыларына 138 млрд теңге төледі

Ең жоғарғы зейнетақы 506 мың теңге: БЖЗҚ өз салымшыларына 138 млрд теңге төледі

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 қазандағы жағдай бойынша өз салымшыларына 138 миллиард теңге төледі.

2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ 297 253 адамға төлем төледі. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 138,5 миллиард теңгеге 1,6 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасалды.

Оның ішінде:

- зейнет жасына толуына байланысты төлемдер – 46,1 миллиард теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 36,1 миллиард теңге;

- тұрақты тұрғылықты жерге кетуге байланысты төлемдер – 27,6 миллиард теңге;

- мұрагерлік бойынша төлемдер – 24,5 миллиард теңге;

- жерлеуге берілетін төлемдер – 3,01 миллиард теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер – 1,1 миллиард теңге.

БЖЗҚ ақпараты бойынша, ай сайынғы орташа төлем (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 739 теңгені құраса, ай сайынғы ең жоғары төлем сомасы 506 980 теңге болды.

Бөлісу