Ержан Нұрлыбаев: Ауруханада жатқан науқастардың қазір беті бері қарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ержан Нұрлыбаев: Ауруханада жатқан науқастардың қазір беті бері қарады

22.06.2016
Ержан Нұрлыбаев: Ауруханада жатқан науқастардың қазір беті бері қарады

Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Еркіндік ауылында төтенше жағдай және карантин жарияланды. Дәл осы елді мекеннен жұқпалы ауруға шалдыққан 8 адам Қарағандыға жеткізілген болатын. Екі адам ауруханада қайтыс болды. Қазір ауылға кіретін үш бағыттағы негізгі жол жабылып, тәртіп сақшылары бақылауға алған. Ешкім кіріп-шықпайды және сүт пен ет өнімдері сыртқа жіберілмейді. Арнайы ветеринарлық жасақтар жұмыс істеуде. Індеттің алдын алу мақсатында барлығы 50 мың шаршы метр аумақта тексеріс жасалуда. Ауыл тұрғындарының меншігіндегі төрт түліктің жалпы саны 5 мыңнан асады. Тексеріс барысында ауырған бір сиырдың еті жұртқа сатылғаны белгілі болды. Қазір алақандай ауылдың 62 тұрғынының жағдайы жан-жақты бақылауда.

«Ауру малдың етін тұтынған, сатып алған және алуы мүмкін адамдардың барлығы қазір дәрігерлердің қарауында. Олар профилактикалық, антибактериальдық тексерістен өткізілуде. Бақылау күшейтілді. Ал ауруханада жатқан науқастардың қазір беті бері қарады»,- деді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу