Лондонда қазақтың кең байтақ даласы жайлы Батыс саяхатшыларының естелік жазбалары, суреттері мен әңгімелері жинақталған «Ұлы Дала саяхатшылары: папалық елшілерден бастап орыс революциясына дейін» атты кітабінің тұсаукесер рәсімі өтті. Тарихи туындыларды зерттеп-зерделеу үшін кітап авторы Ник Филдинг 5 жыл уақытын жұмсаған.
Кітап көпшілік біле бермейтін қызықты деректерге негізделген. Мысалы ХХ ғасырдың басында Шығыс Қазақстаннан Лондонға шамамен 300 тонна сары майдың тасымалдануы - сол кезде екі жақтық сауда қарым-қатынас жоғары деңгейде болғанын айқындайды.
Іс-шараға 1844 жылы қазақ жерлерін зерттеген Томас пен Люси Аткинсондардың ұрпағы Стив Браун да қатысты. Кітаптың тұсаукесеріне ұйытқы болған Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі алдағы уақытта туындыны қазақ және орыс тілдеріне аударып, келер жылы қазақстандық оқырманның назарына ұсынбақ.
Ник Филдинг, жазушы:Ең қиыны сол естелік жазбаларды табу болды. Уақытымның басым бөлігі кітапханаларда оқумен және әртүрлі коллекцияларды зерттеумен өтті. Тапқан жазбаларды барынша тақырыптарға бөлуге тырыстым. Бұл үлкен жобаның тек бастамасы ғана деп ойлаймын. Кітап басылымға берліген кезде тағы екі тарихи жазба қолыма тиді.
Индира Бектен