Елордадағы үлескерлер екі жылда баспаналы болады
Елордадағы үлескерлер 2023 жылға дейін баспанасына қол жеткізеді. Қала әкімдігі мәселені түбегейлі шешу үшін арнайы жол картасын әзірлеген. Құжат жоспарына сәйкес 52 проблемалық нысанның жайы екі жылда шешілуі тиіс. Пәтерін күткен 15000-нан астам салымшы үшін бұл қуантарлық жайт. Дегенмен, алаяқтарға алданып, ақшасын салғанымен баспанасыз қалған қазақстандықтар саны аз емес. Салымшылар проблемасы адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында қаралды. Мамандардың сөзінше, тұрғындардың құқықтық сауаты маңызды. Тұрғын үйді көздемес бұрын, құрылыс компаниясын зерттеп зерделеуі қажет. Енді құрылысты салатын кәсіпкерлер туралы мәліметті eGov порталындағы арнайы бөлімде қарау мүмкіндігі бар.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір жылда Қазақстан экономика көлемі бойынша Португалия мен Финляндиядан озды
27.10.2026, 13:23
Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы жанкүйерлері қайырымдылық жасады
27.10.2026, 13:15
Ресейде Зика безгегі анықталды
27.10.2026, 13:12
Израильде парламентке сайлау болып жатыр
27.10.2026, 13:10
Жамбыл облысында жаңа өткел салды
27.10.2026, 13:07
Қазақстан – Ресей шекарасындағы бекетті жаңартып жатыр
27.10.2026, 13:05
Түркістан облысында жасөспірімнің аяғы комбайнның орағына қысылып қалды
27.10.2026, 13:04
Жоғалды делінген 17 мың адам табылды
27.10.2026, 13:02