Ресей Украинаға көмір тасуға рұқсат бермей отыр
Көмір экспортына қатысты Ресей шекарасында тағы дау туып жатыр. Көршіміз қара отынды Украинаға тасымалдауға рұқсат бермей отыр. Өйткені қара отын тиелген вагондар транзитпен Ресей жерін басып өтетіндіктен түрлі кедергілер туып жатыр. Негізі бұған дейін де осындай мәселе болғанда екі елдің Үкіметі 140 мың тоннаға дейін көмірді Украинаға тасымалдауға келіскен.
Алайда келісімге қарамастан Ресей тарапы тауардың бір бөлігін өткізбей отыр. Мамандар бұдан отандық компаниялар шығынға батып жатқанын айтады. Тіпті елдегі кәсіпорынның бірі 5,5 млн доллардан қағылған. Шығыннан компания 400 қызметін қысқартып, қалғанының жалақысын 30%-ға төмендеткен.
Талғат Темірханов, «Атамекен» ҰКП департаментінің директоры:-Бұл әрине Украинадағы контрагенттердің бізге көмірді жеткізе алатынмызға күмән білдіріп отыр. Сондықтан біз осы сұрақты мүдделі органдардың және комиссияның қарауына жеткіздік.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қарқынды дамып келеді
10.04.2026, 21:19
Былтыр еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан
10.04.2026, 20:44
Аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10.04.2026, 20:43
Ақкөлде қалалық стадион аумағы қоқыстан тазартылды
10.04.2026, 20:42
TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті
10.04.2026, 20:41
Семейде «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу өтті
10.04.2026, 20:39
Ұлттың үнбайрағы «Shalqar» радиосына – 60 жыл
10.04.2026, 20:37
ШҚО-да ардагерлер ұйымы есеп беру конференциясын өткізді
10.04.2026, 20:35