Қарағанды облысы Еркіндік ауылында төтенше жағдай және карантин жарияланды
Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Еркіндік ауылында төтенше жағдай және карантин жарияланды. Дәл осы елді мекеннен жұқпалы ауруға шалдыққан 8 адам Қарағандыға жеткізілген болатын. Екі адам ауруханада қайтыс болды. Қазір ауылға кіретін үш бағыттағы негізгі жол жабылып, тәртіп сақшылары бақылауға алған. Ешкім кіріп-шықпайды және сүт пен ет өнімдері сыртқа жіберілмейді. Арнайы ветеринарлық жасақтар жұмыс істеуде. Індеттің алдын алу мақсатында барлығы 50 мың шаршы метр аумақта тексеріс жасалуда. Ауыл тұрғындарының меншігіндегі төрт түліктің жалпы саны 5 мыңнан асады. Тексеріс барысында ауырған бір сиырдың еті жұртқа сатылғаны белгілі болды. Қазір алақандай ауылдың 62 тұрғынының жағдайы жан-жақты бақылауда
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26
Жол қозғалысы ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді
08.05.2026, 20:15
Балаларға арнайы көмек кабинеттері ашылады
08.05.2026, 20:15
Түркістанда 286 мың гектар аумақты шегіртке жайлаған
08.05.2026, 20:15
Бала қауіпсіздігі – басты міндет
08.05.2026, 20:14
Цифрландыру – ел дамуының көрсеткіші
08.05.2026, 20:12