Саяси партиялар сайлауға дайын
Еліміздегі жетекші партиялар алдағы Мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысуға дайын. Бұл жайлы «Ақжол», «Ауыл» және «Қазақстан коммунистері» партиясының басшылары мәлімдеді. Олардың айтуынша, сайлау мен Парламентке қатысты заңдарға енгізілген өзгерістер заң шығарушы органды жаңғыртып, тың бастамаларға сеп болмақ.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:«Ақ жол» партиясының өз тәжірибесіне қарағанда, ең маңыздысы – парламенттік оппозиция, оппозицияны заңдастыру. Саяси үрдістерге, саяси процестерге үлкен әсер етуі мүмкін.
Айқын Қоңыров, ҚКХП ОК хатшысы:Біз парламенттік партия ретінде кез келген сайлау науқанына қатысуға міндеттіміз. Халықтың белгілі бір бөлігі біздің көзқарастарымызды жақтап, қолдау көрсетіп отыр. Біз олардың үмітіп ақтауымыз керек. Сайлауға «әлеуметтік әділдік» ұранымен түсеміз.
Әли Бектаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы:Сайлаудың ерекшеліктері – көппартиялы Парламентті жасақтауға мүмкіндік береді деген сеніміміз бар. Ол үшін сайлау кезінде, дауыс жинау кезінде, санақ кезінде әділдік керек.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскеменде «Жас мерген» облыстық турнирі өтті
19.10.2026, 17:27
Қазақы тазылардың аңшылық қасиеттері сыналды
19.10.2026, 17:25
Creative Aimaq көрмесінде 80-нен астам туындыны таныстырды
19.10.2026, 17:24
Республика күніне орай сауда орындарында жеңілдік басталды
19.10.2026, 17:22
7 жыл ішінде отбасын қолдайтын 160 орталық ашылған
19.10.2026, 17:20
Ресей Болон процесінен бас тартты
19.10.2026, 17:17
Рубио Орталық Азия елдерің сыртқы істер министрлерімен кездесті
19.10.2026, 17:16
Трамп санкцияны жеңілдеткеннен кейін мұнай 2% арзандады
19.10.2026, 17:15