Несие қолжетімді болуы керек: Нығматулин Ұлттық банкке ескерту жасады
Пандемиядан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қаржыландыру қолжетімді болуы керек. Мәжілістің жалпы отырысында палата спикері Нұрлан Нығматулин осылай деді.
Жиында депутаттар Ұлттық банк төрағасынан пандемия салдарынан жапа шеккен кәсіпкерліктерге қандай қолдау көрсетілгенін сұраған еді.
Ерболат Досаев Президент тапсырмасына сәйкес Ұлттық банк осы мақсатта жеңілдетілген несие бағдарламасын енгізгенін айтты.
«Соңғы мәліметтерге сәйкес, 565 млрд теңгеге өтініш келді. Бүгінге дейін 422 млрд теңгеге 4 мыңға жуық несие берілді», - деді бас банкир.
Сондақ-ақ Досаев бағдарламаның 2021 жылдың соңына дейін созылатынын, кәсіпкерлерді қолдау үшін қосымша шаралар әзірленетінін де мәлімдеді.
Осы орайда Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин кәсіпкерлерге берілетін несие қолжетімді болуы керектігін ескертті.
«Ұлттық банк төрғасы болған соң, сізге қалай сенбейміз. Меніңше, бұл мәселе әлі шешілген жоқ. Халыққа қолдау жеткілікті деп айта алмаймыз. Оны біз де, сіз де, халық та біледі. Мұны жүзеге асыратын жаңа механизм керек, ол механизм ашық әрі түсінікті болуы керек. Сонда ғана азаматтар Үкіметтен, мемлекеттен көмек келді деп айта алады. Бұл тек Үкіметтің ғана емес, Ұлттық банктің де міндеті екенін ұмытпау керек», - деді палата спикері.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында көрермендер саны бойынша рекорд тіркелді
26.06.2026, 10:25
Ыстанбұлда домбыра үйірмелері жұмыс істеп тұр
26.06.2026, 10:19
5 айда Түркістанға 143 мыңнан астам турист келген
26.06.2026, 10:18
Ресейде студент саны 40% қысқарды
26.06.2026, 10:17
Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген ата-аналар жауапқа тартылуы мүмкін
26.06.2026, 10:17
Цифрлық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау күшейтілді
26.06.2026, 10:15
100 миллиондай адам ыстықтан сақтану туралы ескерту алды
26.06.2026, 10:14
Жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 235-ке жетті
26.06.2026, 10:13