Тойда полицейдің формасын киген асаба жауапқа тартылады
Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында карантинге қарамастан той өткізіліп, оны жүргізген асаба полицей киімін киіп шыққан. Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде лезде тарап кетті.
Полицей формасын заңсыз кигені үшін асаба енді әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Себебі ол әзілдеймін деп тәртіп сақшылары мен дәрігерлердің індеттің таралуына жол бермеу бағытында атқарып жатқан жұмысын келеке етіп, абыройларына нұқсан келтірді. Той иесі де айыппұл төлейді. Көп кешікпей асаба мен той жасаған азамат өз қателігін мойындап, әлеуметтік желі арқылы кешірім сұраған.
Жанатай Сембеков, Полиция департаментінің ресми өкілі:Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 675-бабына сәйкес «Айырым белгілері және арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүргені үшін» әкімшілік жауапкершілікке тарту сұрағы қарастырылуда. Той иесіне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 425-бабына сәйкес жиналған материал шешім қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жіберілді.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституцияның жаңа жобасы қоғам мен мемлекеттің тұтастығын айқындайды
13.02.2026, 18:19
Қысқы Олимпиаданың алтыншы күні өтіп жатыр
13.02.2026, 17:37
«Таза Қазақстан» экомәдениетті қалыптастырып келеді
13.02.2026, 17:35
Ақтауда шұғыл медициналық жәрдем станциясы іске қосылды
13.02.2026, 17:31
БҚО-да 11 айлық сәби шетінеп кетті
13.02.2026, 17:29
Қаңтардағы ҰБТ-ға 184 мың талапкер қатысты
13.02.2026, 17:27
«Дос болайық!»: Буллингке қарсы сынып сағаттары өте бастады
13.02.2026, 17:24
Ресейде коммуналдық төлем екі есе қымбаттады
13.02.2026, 17:21