Ескертуді елемей жолға шыққан жүргізушілер жазаға тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ескертуді елемей жолға шыққан жүргізушілер жазаға тартылады

28.02.2020

Қарағандыда полицейдің жол жабық деген ескертуіне құлақ аспай жолға шықпақ болған жүргізушілер жауапқа тартылады. Жаңбырдан соң, Нұр-Сұлтан -Теміртау тас жолы көк мұз болып қатып қалған. Хюндай мен Газельдің иелері осыған қарамастан, күшпен өтпек болған. Осы кезде, полицей кесе көлденең жолға жатып алады. Сақшылардың заңды талабына көнбеген жүргізушілерге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Тағы бір жолаушыға қатысты полицейді қасақана қақты деген айып тағылды. Бүгін, сағат 13-00 де жолдағы шектеу алынды.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу