Таразда жалған полиция формасын киген күдікті қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда жалған полиция формасын киген күдікті қамауға алынды

08.06.2022

Таразда жалған полиция формасын киген Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.

Қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері саябақтарды бақылап жүргенде форма киген жас жігітті байқаған. Ол полицейлерді көрген сәтте қобалжи бастаған. Мұны сезген сақшылар бірден оның құжаттарын сұрап, тексеріс жүргізген. Нәтижесінде жалған полиция формасын киіп жүргені анықталды.

Түркістан облысының 19 жастағы тұрғыны бұрын да осындай қылмысы үшін істі болған. Бірден қамауға алынды.

Қазір аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Хабарламаларға жазылу