Салықтан жалтарғандар жауапқа тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салықтан жалтарғандар жауапқа тартылады

26.07.2017

Алматыда әскерилер мен Ішкі істер департаментінің қызметкерлері салықтан қашып жүр. Бұл туралы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру басқармасының басшысы Заңғар Шындали айтты.

Жалпы, 2017 жылдан бастап салық төлеу жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілген. Соған орай, жеке тұлғалар мүлік пен жер салығын 2018 жылдың 1 қазанына дейін, ал, көлік салығын жыл соңына шейін төлеуі керек. Бірақ, мемлекеттік қызметкерлердің арасында бірнеше жылдан бері салық төлемегендер көп. Қазір алып шаһарда 300 мың теңгеден астам салық берешегі бар 2000 салық төлеуші бар. Солардың ішінде 496 әскери қызметкер 8,3 млн. теңге қарыз.

Ал, Ішкі істер департаментінің 361 қызметкері 11,2 млн. теңге берешек. Олардың қызмет орнына салықты төлемегені туралы хаттама жіберілген. Дегенмен, қарапайым халыққа үлгі болуға тиіс мемлекеттік қызметкерлер салықты уақытылы төлеуге асығар емес.    

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу