Ақмола облысында карантин талаптары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында карантин талаптары күшейтілді

16.10.2020

Ақмола облысында карантин талаптары күшейтілді. Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бүгіннен бастап жаңа ережелер күшіне енді. Көкшетауда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Сондай-ақ, сенбі-жексенбіде ауданы 1000 шаршы метрден асатын сауда орындары жұмыс істемейді. Мешіттер мен шіркеулер де демалыста жабық болады. 

Жаңа талап бойынша мемлекеттік қызметкерлердің 80 проценті қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс. Қоғамдық тамақтану орындарында осы уақытқа дейін болған шектеулер сақталады. Ал Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы сағат 17:00-ге дейін қысқартылды. 

Айнагүл Мусина, Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы:
Облыста қазан айында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 50-ден асты. Бүгін тағы 6 науқас анықталды. Өкінішке қарай, өсім бар. Сондықтан карантин күшейтілді. Шамамен 2 аптаға жоспарлап отырмыз. Кейін жағдайға байланысты шешім қабылдаймыз. Карантин талаптарын сақтау бойынша бақылау топтары жұмысын жалғастырады. 

Ал Атырау облысында карантин керісінше жеңілдетілді. Бассейндердің, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтарына сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Дегенмен, бір уақытта келушілер саны 50 адамнан аспауы тиіс.  

Ермек Елберген

Ақмола облысы карантин атырау коронавирус

Хабарламаларға жазылу