Жамбыл облысында карантин талаптары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында карантин талаптары күшейтілді

19.04.2021

Жамбыл облысында карантин талаптары күшейтілді. Көпшілік жиналатын нысандардың жұмысына тыйым салынды. Бүгіннен бастап ойын алаңдары мен жабық үй-жайлардағы аттракциондар қызметіне рұқсат жоқ. Бұдан бөлек көрермендердің қатысуымен спорттық шараларды, жиын-той өткізуге болмайды. Ал, медициналық орталықтар мен қоғамдық көліктерге қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сонымен бірге, сұлулық салондары, азық-түлік дүкендері, жабық базарлар да қатаң талапты сақтай отыра жұмыс істейді. 

Бағлан Қыдырбаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Қоғамдық тамақтану обьектілерінде толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай таңғы 7:00-ден түнгі 00.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. 

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу