Мемлекет басшысы Қырғыз еліне барды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға келді. Оны Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайынан Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков қарсы алды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған. Сондай-ақ екі елдің көшбасшылары баспасөз үшін бірлескен мәлімдеме жасайды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен бірлесіп «Ата-бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешені мен Шыңғыс Айтматовтың мұражай-үйіне барады.
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына қатысады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық Конституция заң үстемдігін нығайтады
13.07.2026, 17:15
Еурокомиссия балаларға әлеуметтік желіні шектемекші
13.07.2026, 17:13
Ресей дизель отынын сыртқа сатуға тыйым салды
13.07.2026, 17:10
Тегеран Ормұз бұғазын жапқанын мәлімдеді
13.07.2026, 17:07
Дубайға ұшу уақытша тоқтатылды
13.07.2026, 17:05
Астананың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға ₸16,2 млрд бөлінді
13.07.2026, 17:03
Ел экономикасы жарты жылда 4,1% өсті
13.07.2026, 17:00
Қазақстанда Аризона университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасының алғашқы түлектері оқуын аяқтады
12.07.2026, 11:25