Екі облыс пен Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында коронавирус жұқтыру деңгейі күрт көбейіп кетті
Қазақстанда коронавирус желтоқсан-қаңтар айларында қайта соққы беруі мүмкін. Бұл туралы бүгін елдің бас дәрігері мәлімдеді. Қазірдің өзінде бірқатар өңірде репродуктивтілік көрсеткіш нашарлады. Өйткені ортақ талапты орындамай, сақтыққа селқостық таныту басым.
Асима Нұрбайқызы, тілші:Коронавируспен ауырғандар енді жұқтырмаймын деп арқаны кеңге сала алмайды. Антидене әрі кетсе 5 айға жетеді. Сол себептен желтоқсан-қаңтар айларында ауру қайта күшеюі мүмкін деген болжам жасады бас дәрігер. Ауру айтып келмейді. Жауаптылар қазір соған қамданып жатыр. Төсек-орын, дәрі-дәрмек тапшылығы толық жойылды. Тәулігіне 43 мың тест жасалады. Көлемі тағы да ұлғайып, 63 мыңға дейін жеткізу жоспарда. Ал ПТР-тестілеудің ақысы 22 пайызға дейін арзандайды.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:Шығын материалдары бағасының нарықта арзандауына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі ПТР-тест тарифін 22 пайызға дейін арзандату бойынша ұсыныс әзірледі. Сонымен қатар жеке қорғаныс құралдары мен тест жүйесі де арзандады. Ұсыныс мақұлданса, осы айдың соңына дейін тариф бекітіледі.
Асима Нұрбайқызы, тілші:Қазірдің өзінде бірқатар өңірде репродуктивтілік көрсеткіш нашарларды. Яғни, 1 науқастың өзгелерге жұқтыру өсімі өсіп келеді. Тізімде Атырау, Жамбыл облыстары мен Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары бар. Қалған аймақтарда әзірге жағдай тұрақты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28
Ұстаздық еткен әулеттің еңбек өтілі 2 ғасырға жуықтайды
02.10.2026, 20:26
Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
02.10.2026, 20:25
Вице-Премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты
02.10.2026, 20:24