Талдықорғанда аптап ыстық жұртты дәрігерлер көмегіне жүгіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда аптап ыстық жұртты дәрігерлер көмегіне жүгіндірді

15.06.2016
Талдықорғанда аптап ыстық жұртты дәрігерлер көмегіне жүгіндірді

Соңғы үш-төрт күнде Талдықорған қаласында ауа райы күрт өзгеріп аптап ыстық жұртты әбігерге салды. Соның салдарынан мыңнан астам адам дәрігер көмегіне жүгінген. Жалпы жаз айлары жүрек-қан тамыры ауруларының асқынатын кезеңі. Бұл өз кезегінде ақ желеңді абзал жандардың күнделікті жұмысын одан да күрделендіре түседі. 

Соңғы бірнеше күн бойы қала жұртшылығы көлеңке іздеп, жиі-жиі салқын су ішіп, өзен жағалап жан бағуда. Ауа-райын болжаушылар бұл осы кезеңдегі қалыпты жағдай дейді. Алайда, қасиетті рамазан айында ораза ұстап, ауыз бекіткендер үшін нағыз сынақ басталғандай.

Жедел жәрдем қызметкеріне қоңырау шалушылардың басым бөлігі қан қысымының жоғарылағанына шағымдануда. Науқасқа алғашқы болып көмек қолын созуға асыққан дәрігерлерде қазір күндіз-түні тыным жоқ. Олар барынша халыққа қызмет көрсетуге тырысуда.

 

Қ.ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу