Алматы облысындағы спорт кешенінің не себепті қирағаны белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысындағы спорт кешенінің не себепті қирағаны белгілі болды

12.10.2020

Алматы облысындағы спорт кешенінің не себепті қирағаны белгілі болды. Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты мамандарының мәліметінше, құрылыс бекітілген жобадан ауытқыған. Салдарынан бұрандамалар салмаққа шыдас бермей, сынып кеткен. Цемент пен құм да белгіленген мөлшерден артық болған. Кешеннің жоба құжаттамасында тірек тағандарының құрылымы сипатталмаған.

Сондықтан, талаптың бұзылуына жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы облыс әкімдігіне хат жолданды. Ал облыстық құрылыс басқармасының өкілдері тексеру нәтижесінің тек алдын ала болжам екендігін айтып, пікір білдіруден бас тартты. Олардың сөзінше, кешеннің неліктен қирағаны толық анықталмаған. Еске салайық, 21-ші қыркүйек күні Шонжы ауылында 1 миллиардтан астам қаржыға салынып жатқан сауықтыру орталығының шатыры құлаған болатын. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Нұрхан Нұрланұлы

Алматы облысы спорт кешені Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты Шонжы

Хабарламаларға жазылу