К. Мәсімов: Ақтөбе облысында жағдай толық бақылауда, тұрақтылық пен тыныштық орнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

К. Мәсімов: Ақтөбе облысында жағдай толық бақылауда, тұрақтылық пен тыныштық орнады

15.06.2016
К. Мәсімов: Ақтөбе облысында жағдай толық бақылауда, тұрақтылық пен тыныштық орнады

Ақтөбеде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен жиналыста өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша сұрақтары талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін негізгі мәселелер мен қандай қолдау керектігін білу үшін келдім. Елбасымен сөйлесу барысында өңірде тыныштық орнады деп хабарладым. Өзекті мәселелер шешіліп, халықтың қауіпсіздігі бойынша қосымша шаралар қабылданды, зардап шегушілердің туыстарына толық көмек көрсетілді, арнайы жедел штаб жұмыс жасайды, - деді К.Мәсімов. Сонымен қатар, ол төзімділік, ерлік пен бірлік, патриоттық сезім көздеген құқыққорғау органдары, әскери, медицина, төтенше жағдай қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Қазіргі басты міндет: облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы. Назарда - әлеуметтік мәселелер, халықты жұмыспен қамту, мектептер мен балабақшаларда жұмыссыздықты болдырмау. Шағын және орта бизнесті дамыту маңызды, «100 нақты қадам» және өңір экономикасын жаңғырту бойынша реформаларды жүзеге асыру керек, - деп тапсырды Үкімет басшысы.

Хабарламаларға жазылу