Қарағандыда екі жүзге тарта жасөспірім карантинді бұзып, би кешін өткізген

12.10.2020

Қарағандыда санитарлық талаптарды сақтамай, бейқам жүрген жұрт әлі де көп. Мәселен, жергілікті мейрамханалардың бірінде 100 адамға той жасалса, тағы бір рестобарда би кешіне 200-ге тарта жасөспірім жиналған. Мобильді топ қаладағы 2 мыңға жуық дүкен, дәмхана және көңіл көтеру орындарында тексеріс жүргізіп, карантин талабын бұзған 164 нысанның қожайынын әкімшілік жауапқа тартты. 

Естеріңізге сала кетейік, тәртіпке бағынбаған жеке тұлғалар 83 мың, ал заңды тұлғалар 600 мың теңге айыппұл төлейді. 

Рахман Ғинаятов, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасының бас маманы:
Ең әуелі карантин талаптарын бұзған мейрамхана қожайынына айыппұл саламыз. Той иелері де жазасыз қалмайды. Қазір бізде 6 мобильді топ бар. Олар қаладағы барлық көңіл көтеру орындарын бақылауға алды.

Руслан Нұрланұлы

Карантин айыппұл рейд

Хабарламаларға жазылу