Аймақтарда карантин тәртібін бұзатындар тыйлмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аймақтарда карантин тәртібін бұзатындар тыйлмай тұр

21.04.2020

Қарағандыда тұрғындар карантинге қарамастан көп қабатты үйлердің ауласында би кешін ұйымдастырған. Қазір полиция тәртіп бұзғандарды анықтап, әкімшілік жазаға тартуда. Бұдан бөлек, өңірде жалған ақпарат таратып елді дүрліктіргендер де бар. Өзге аймақтарда да заңға бағынбау деректері көптеп тіркелуде.

Қапшағайда да осыған ұқсас жайт болды. Бес азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жөнелтілді. Карантин жарияланғаннан бастап шағын шаһардың өзінде 139 адам режимді бұзған.

Ал Ақмола облысында ер адам карантиндік стационардан қашып кеткен. Алайда Зеренді ауданы Гранитный ауылының 43 жасар тұрғыны келер күні медициналық мекемеден кетіп қалған.

Жалған ақпарат таратқандар да жазадан құтылмайды. Қарағандыда коронавирусқа қатысты өтірік аудиожазбаны таратқан әйел 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол 27 наурыз күні өңірге қарасты қалалардың бірінде бірнеше тұрғыннан Covid-19 анықталғаны туралы жалған мәліметті WhatsApp арқылы жолдап, елді дүрліктірген. Бұл жайт полицияда тіркеліп, ұсталған 32 жастағы әйелдің үстінен іс қозғалды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу