Карантинді ескермей той өткізген Рудный тұрғыны жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантинді ескермей той өткізген Рудный тұрғыны жазаланды

21.12.2020

Қостанай облысындағы Рудный қаласының тұрғыны карантинді ескермей мейрамханада той өткізген. Қаладағы мониторниг топ өкілдері отыздан аса адам жиналған отбасылық мереке қызып жатқанда үстінен түсті. Барынша қатты қойылған музкаға билеп, көңіл көтеріп жүрген жұрт тексерушілердің келгенін бірден аңғармай да қалған.

Монитронгтік топ өкілдері тойды тоқтатып, жиналғандарды таратты. Енді карантиндік шектеулерге қарамастан келушілерді қабылдаған мейрамхана иесі мен той жасаған азамат айыппұл төлейді. 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу