«Қызыл» аймақта болса да елордада ойын-сауық қызып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қызыл» аймақта болса да елордада ойын-сауық қызып тұр

02.08.2021

Ел есеңгіреп жүргенде елордалықтар карантинді елемей қыз ұзату өткізген. Жалпы мерейтойлар мен туған күндер тыйылар емес. Мониторинг топтары күн сайын 100-ден аса кәсіпкерлік нысанды аралап, талап бұзғандарды анықтауда. Сонымен айдың аяғында 30 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тойханалар, сауна, лаундж бар, кафе және компьютерлік клубтар бас санитарлық дәрігердің қаулысын бұзып жұмыс істеген. Ескеретін жайт, күнде 1300-ден астам індет жұқтыру дерегі тіркеледі. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Сондықтан мамандар көңіл көтеруге емес, қиындықты бірге еңсеруге шақырады. 

Хабарламаларға жазылу