Дәрігерлер өздеріне тиесілі ақшаны сұрамауы тиіс - Тоқаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерлер өздеріне тиесілі ақшаны сұрамауы тиіс - Тоқаев

07.10.2020
Дәрігерлер өздеріне тиесілі ақшаны сұрамауы тиіс - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша өткен кеңесте дәрігерлерге үстемақы мен сақтандыру төлемдерін тағайындау кезінде әлі күнге дейін бюрократиялық кедергілер барын айтты.

«Медицина қызметкерлерін қолдау қажеттігіне ешкім күмән келтірмейді. Менің тапсырмаммен екінші жартыжылдықта төлемақыға 150 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Алайда төлемақы тағайындау ісінде әлі күнге дейін бюрократиялық кедергілер бар. Бұл мәселемен Парламент те айналысты. Жергілікті жерлерде төлемақы бойынша сандармен ойнау жалғасып, оларды тағайындауда әлі күнге дейін ашықтық жоқ. Медицина қызметкерлері өздеріне тиесілі ақшаны сұрамауы керек», - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, 30 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустан 182 медқызметкер көз жұмған.

«Қазір бұл істер түрлі комиссияда қаралып, өтемақы тек 37 отбасыға төленген. Бұл - мүлдем жол беруге болмайтын жағдай. Өлім себептерін постфактум анықтау көптеген қиындық тудырады. Осыған орай Үкіметке бұл мәселе бойынша егжей-тегжейлі тергеу жүргізбей, қаза тапқан медицина қызметкерінің отбасына тиесілі барлық төлемақыны төлеуді тапсырамын», - деді Тоқаев.


Тоқаев Президент ақорда коронавирус өтемақы

Хабарламаларға жазылу