2 айда республикалық бюджеттің 12 млрд-ы игерілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2 айда республикалық бюджеттің 12 млрд-ы игерілмеген

11.03.2021

Ал министрліктер өздеріне бөлінген ақшаны қазірден ұқсата алмай жатыр. Қаржы министрінің айтуынша екі айда республикалық бюджеттің 12 миллиарды игерілмеген. Олар Қорғаныс, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт министрліктеріне тиесілі. Ірі соманы игермеуге әдеттегідей, конкурстық рәсімдердің кеш өтуі, шарт жасасудың ұзаққа созылуы себеп. Ал жергілікті бюджеттегі 9 миллиард теңгені Нұр-Сұлтан қаласы мен Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары игермеген. 

Хабарламаларға жазылу