Қазақстан нарығындағы шұжықтың 85% Ресейде шыққан - АШМ
Қазақстандағы шұжық импортының қазіргі көрсеткіші - 33,3 мың тонна.
Қазақстандағы кәсіпорындар отандық шұжық нарығының сұранысын 62% қамтамасыз етеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті.
Оның айтуынша, қазір Қазақстанға 33 мың тоннадан астам шұжық импортталады. оның 85% Ресейден келіп жатқан өнім.
«Шұжық өнімдерінің импорты 33,3 мың тоннаны құрайды. Оның 85% көрші Ресейден тасымалданған. Отандық өнім ішкі нарықтың 62% қамтамасыз ете алады»,- дейді министр.
Омаровтың айтуынша, қазір қуаты 103 мың тонна болатын ет өңдеуші кәсіпорын салу бойынша 9 жоба іске асып жатыр. Оларға жүктелетін міндеттің бірі - ішкі нарықты толықтай ет және шұжық өнімдерімен қамтамасыз ету.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр
01.10.2026, 20:30
Спортшылар Азия ойындарынан жүлдемен оралды
01.10.2026, 20:30
NVIDIA Қазақстандағы AI инфрақұрылымын дамытуға қатысады
01.10.2026, 20:29
Әнші Sadraddin-нің концертіне 70 мың көрермен жиналды
01.10.2026, 20:29
Түркістан облысында қарияларға арналған 21 орталық жұмыс істеп тұр
01.10.2026, 20:28
Президент General Atlantic компаниясының төрағасымен кездесті
01.10.2026, 20:25
Президент БАӘ делегациясын қабылдады
01.10.2026, 20:23
Президент AI & Digital Bridge 2026 форумында сөз сөйледі
01.10.2026, 20:09