Үкімет ауыл шаруашылығы техникасынан алынатын утилизация жарнасынан бас тартпайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет ауыл шаруашылығы техникасынан алынатын утилизация жарнасынан бас тартпайды

05.10.2020

Ел Үкіметі ауыл шаруашылығы техникасынан алынатын утилизация жарнасынан бас тартпайтын болды. Вице-Премьер Роман Склярдың айтуынша, осы алымдардың арқасында ескірген техниканың 80 пайызы жаңартылады. Әрі тозығы жетіп қолданыстан шыққан техниканы қайта кәдеге жаратуға өткізу дәстүрін қалыптастыруға сеп. Оның үстіне қазір трактор мен комбайн өндірісіне инвестиция көбірек тартыла бастаған. Ендігіде ондай зауыттарға ескі техниканы өткізгендерге жаңасын сатып алуға жеңілдік беретін сертификат тарататын бағдарлама да іске қосылуы мүмкін. Бір сертификаттың құны 1,5 млн-ға дейін жетеді. Ал қазір жарамсыз комбайнды утилизацияға өткізсеңіз бар-жоғы 500 мың теңге өтемақы төленеді. 

Ақерке Бектас

утилизация

Хабарламаларға жазылу